Сыңғырла соңғы қоңырау » СШ №51
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№51 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сыңғырла соңғы қоңырау
25
май
2020

Сыңғырла соңғы қоңырау

Сыңғырла соңғы  қоңырау

Құрметті 2020  түлектері!
Барасыздар өмірді гүл еткелі.
Әр жылы осы күні қимастықпен,
Соғады ұстаздардың жүректері.Көңіл толқып жанады осы күні,
Түлектерім, есте сақта мәңгі мұны.
Болашақтың үміті сендерсіздер,
Алтын күннің таратылған сәуле, нұры.
Жүректерге нұр құяды асқақ үміт,
Болашақ күтер сендерді жүзі күліп
Мақсат көздеп ұмтылған сара жолың,
Жарқын таңға жеткізер бір тұңғиық.
Түлектер, ашық болсын таңдарыңыз,
Аға жол ғой біздің де таңдарымыз.
Сіздер салған білімнің көпірімен,
Талай биік шығамыз шыңға әлі біз.
Бүгіннен басталады жаңа белес,
Қайғы менен қуаныш та тұр ғой дөңес.
Бітіргелі отырған әрбір түлек,
Ешбір асыл тұяғынан төмен емес.