Коронавирус инфекциясын алдын алу » СШ №51
Zhambyl region
Municipal public institution
"№51 орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Коронавирус инфекциясын алдын алу
10
March
2020

Коронавирус инфекциясын алдын алу

«Коронавирус инфекциясы»

Ағымдағы жылдың 10.03. күні №51 орта мектебінің акт залында «Коронавирус инфекциясы» тақырыбында аудандық эпидемиологиялық бөлім жетекшісі Молдабекова Мадина Жексенбековна, аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау бөлімінің жетекші маманы Бедеева Галия Базилхановна және Қордай аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар жөніндегі маманы Каплунова Ирина Леонидовна мектептің ұжымымен және 6-7 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. 

Мақсаты: Оқушыларды  коронавирус инфекциясымен  таныстыру, оның  пайда болуы  мен  жұғу  жолдарымен  таныстыру, коронавирус инфекциясының  әлемді  жаулап  бара  жатқаны  жайлы  біршама  мәліметтер  беру, оқушыларды  тазалыққа, жаман  әдеттерден  қашық  болуға тәрбиелеу. 

Кездесу  барысында  коронавирус инфекциясы  туралы  тың  мәліметтер  беріліп, олардың  таралу  жолдары  мен  инфекциядан   сақтану  жайлы  түсінік жұмыстары  жүргізілді.