» Материалы за 07.11.2019

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Критериалды бағалау бойынша семинар

Автор: admin от 7-11-2019, 01:04, посмотрело: 12

0

Тақырыбы: Оқыту үшін бағалау – нәтижелі білім берудің табысты құралы

Әрбір мұғалім бағалау әдістемесін білуге тиісті, яғни бұл ретте: дәрісханада тек емтихан өткізуді ғана емес, сонымен бірге емтихан неге және кім үшін өткізілетінін білуге тиісті. «Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты құндылықтар жатады» - деген Александрдің тұжырымы (2001) ой салды. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі кез-келген мұғалім үшін де, кез-келген оқушы үшін де тиімді деп ойлаймын. Қазіргі таңда білім берудегі жаңа жүйе мен жаңаша әдіс–тәсілмен сабақ өту барысында бағалаудың сындарлы оқыту теориясының жеті модулінің ішінде алатын орны ерекше. Мұғалім ретінде маған танысқан жеті модульдің ішінде осы модуль айрықша әсер қалдырды және критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған. Аталмыш модуль мұғалімдерге: бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге, бағалау түрлерінің мақсаттарын анықтауға және әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын арттыруға көмектеседі. Дәстүрлі сабақ барысында баланың білімі салыстырмалы түрде бағаланады және кері байланыс болмайды. Сондықтан мен әріптестеріме критериалды бағалау арқылы шынайылық пен нақтылыққа қол жеткізуге болатынын көрсетіп, таныстырғым келді.

мақсаты: Өзара әрекеттестік белсенділігін арттыру барысында тұлғалық нәтижеге жеткізу арқылы шынайы бағалауды үйрету.

Күтілетін нәтиже: Формативті және суммативті бағалаумен танысады және бағалаудың жаңа жүйелерін үйрету арқылы дәстүрлі бағалаудан оқыту үшін бағалаудың артықшылығына көз жеткізеді.

Түйінді идеясы: Өз тәжірибелеріне енгізе отырып, бағалауда оқушыны емес, оның жұмысын бағалау және сабақ жоспарын құрған кезде кері байланыстың тиімділігін ескере отырып, оқу сапасын арттыру.

1. Стикерлерді таңдау арқылы қатысушылар топқа бөлініп отырды.

2. Жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін мұғалімдерге «арқа қағу» тренингін өткіздім. Әр мұғалім өзінің қолының сұлбасын салып, оны бір-бірінң арқаларына ілгіздім. Арқаларына ілінген қолдың әр саусағына сол мұғалімнің жақсы қасиеттерін жазуды тапсырдым. Алынған сұлбаны көрсетпей жинап алып, өздеріне оқып беріп, ал енді кім туралы екенін табыңыздар деп-иесін табуға тырысты. Өздері туралы жағымды сөздерге қуанып қалды.

 

 

 

 

3. Алдын-ала үлестірілген қағаздарға «Бағалау дегеніміз не?», «Баға дегенді қалай түсінесіз?» деген сұрақтарға өз білетіндерін жазып шықты.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімдер оқушыларды өзіміз түсіндірген тақырыбымыздың мазмұнын қандай деңгейде жеткізгеніне байланысты бағалайтынын, математик мұғалімдер ереже ғана айтса «3», ережені қолданып есеп шығаруда қателер жіберсе «4», ережені қолданып есепті дұрыс шығарса «5» қоятындарын жеткізді. Бір-бірінің түсіндірген тапсырмаларын стикерлер арқылы бағалады.

Бір оқушы ережені формуласын жазып түсіндірсе, екіншісі тек ережені жатқа айтса, екеуіне де «3» деген бағаны қоясыз ба?-деген сұраққа мұғалімдер тосылып қалды.

4.Келесі қадам «Оқыту үшін бағалау – нәтижелі білім берудің табысты құралы» презетанциялық таныстырылымды тыңдады.

5. «Күлегештер» тәсілімен қолдарындағы стиктерді көтеру арқылы кері байланыс жасаған кезде төмендегідей нәтиже көрсетті.

Бәрін түсіндім

Әлі де сұрақтарым бар

Ешнәрсе түсіне алмадым

Жұмысты жалғастыруға дайынмын

Бір нәрсе түсінемін,

бірақ бәрін емес

 

Түсінбеймін,

қайталап қарау қажет

6. Мұғалімдердің «Жұмысты жалғастыруға дайынмын» деген күлегештерді көтеруі, презентация арқылы берген мағлұматтарды мұқият тыңдағаны көрініп тұрды.

 

 

 

Оқушылардың физиологиялық ерекшелігін біліп, сергіту кезеңін і ұсынып, дене қимылдары ретінде «Тығырықтан шығу» ойыны жүргізілді.

Топтық тапсырма ретінде түрлі түсті қағаздан ою-өрнек жасауды тапсырдым.

әр топ өз қолдарымен бір – біріне қағаздан сыйлық ретінде ою-өрнектеп кілемше жасады және топтар арасында бір-бірінің берген кілемшелерін бағалады.

 

 

Топтық жұмыстарды орындау барысынан көріністер

Осы тұста мен қатысушылармен бірлесе отырып, бағалау критерийлері (талап қою) мен дескрипторларды (талаптың орындалуы) құрастырдық. «Рубрикатор (бағалау бойынша нұсқаулық) әрбір критерий бойынша қатысушылар жетістігі жазылған нақты сипаттама және соған сәйкес ұпай саны, лейбл – тапсырманы орындау деңгейінің сипаттамасы (1-5баға) үздік, озық ; жеткілікті толықтырылмаған; толықтыруды қажет етеді», - деген сипаттамалары бар.

Критерийлері

Дескрипторлары

Ұпай

1. Көркемдігі

- Талғамы жоғары

2

 

- Талғамға сай

1

 

- Төмен

0

2. Орнықтылығы

- Орнықты

2

 

- Орнықты етуге тырысқан

1

 

- Орнықты емес

0

3. Көлемі

- Талапқа сай

2

 

- Талапқа сай жасауға тырысқан

1

 

- Талапқа сай емес

0

6 ұпай – «өте жақсы», 4-5 ұпай – «жақсы», 3 ұпай – «қанағаттанарлық» деп бағаланады деп шештік. Енді өз қолдарымен жасаған ою-өрнекті кілемшелерін, әр топ бір – бірінің жұмыстарын бірлесе құраған критерийлер мен дескрипторларды пайдаланып бағалады. Сол арқылы нақты іс-тәжірибеде қолдануды үйренді.

7. «Коучинг әдісін пайдалану тиімділігін бағалау парағын» толтыру арқылы кері байланыс жасадық. Мысалы :

Сізге коучинг сабағының мақсаттары түсінікті болды ма?

Иә Жоқ Түсініктемелер

Сіз бұл мақсаттар Сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетінін мойындайсыз ба? Иә Жоқ Түсініктемелер

Сізге оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер ұсынылды ма?

Иә Жоқ Олар қандай болды?

Коучинг сабағы кезінде сіз қызығушылықты сезіндіңіз бе?

Иә Жоқ Неге?

Коучинг сабағы кезінде жаңа бірдеңе үйрендіңіз бе?

Иә Жоқ Не үйрендіңіз?

Жаңа тәсілдерді қолданғанда Сіздің сеніміңіз артты ма?

Иә Жоқ Қалай?

Коучинг сабағы Сізді өзіңіздің оқыту мен оқу тәжірибеңізге өзгеріс енгізу жігерлендірді ме?

Иә Жоқ Қандай өзгерістер?

Сіз үшін коучингтің құнды жайттары қандай болды?

Бүгінгі үйренгеніңіз сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?

Сіздің қандай ұсынысыңыз бар?

Коучинг соңында қатысқан мұғалімдердің қабылдауын білгім келіп, смайликтер көтеруін сұрадым. Формативті (қалыптастырушы) бағалаулардан топтық жұмыстарға өз қолымен жасалған кілемшелерге

қойылған алғашқы және кейінгі бағалауларды біріктіріп суммативті (жиынтық) бағалау шығару тапсырылды. І смайлик – «5», ІІ смайлик – «4», ІІІ смайлик – «3» деген баға деп келістік.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқуды бағалау (формативті- қалыптастырушы) және оқыту үшін бағалау (суммативті-жиынтық) бағалау туралы түсініктерін нақты іс жүзінде көз жеткізіп айырмашылығын түсініп, білді.

Жоғарыдағы жұмыстардың соңында әріптестер:

-Оқушылармен әр сабақ соңында тиімді кері байланыс орнату:

-Оқушылардың оқуға деген ынтасына, қызығушылығына өздерін бағалауға қатыстыру арқылы ықпал ету;

-Әр сабақтан соң оқушылармен өзін және бір-бірін, бірлесе бағалауға тікелей қатыстырғаннан кейін, кемшілікті жою жолдарын да бірлесе шешу арқылы оқушылардың өз әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретіндеріне көзі жетті.

Сәтті шыққаны: Мүмкіндігінше сабақ барысындағы оқушылар әр тапсырма мақсатын түсініп, (не үшін үйренуі, меңгеруі керек) өмірлік тәжірибесімен байланыстыруы арқылы қол жеткізуге болатынын коучинг барысында өздерін оқушылар орнына қоя отырып түсінгендей болды. Осы тапсырмалар оның ішінде өз қолдарымен жасаған жұмыстарын критерийлер мен дескрипторларды пайдаланып бағалау барысында баяғыша салыстырмалы түрде бағалау емес, шынайы, нақты бағалауды үйренгендері және тиімді екенін және оқуды бағалау мен оқыту үшін бағалауды ажыратып, түсінгендері менің алдыма қойған мақсатыма жеткенім деп білемін

Категория: Әдістемелік кеңес